2020 жылы көрсетілген көмек сомасы: 8 223 230 толық есептеме

Жобалар

Қиыншылыққа тап болған кезде, ең керекті заттармен қамтамасыз етіп материалдық көмек көрсетеміз. Біздің мақсат 100% қамтамасыз етпей, тек қана өмірдегі қиын сәттерде қолдау көрсету болғандықтан, бұл отбасыларға көмекті шектеулі түрде көрсетеміз.

Тамақтандырамыз «Береке» жобасы

Әр отбасыға мекен жайына мерзімді бір айлық азық-түлік себетін жеткіп тұрамыз. Азық-түлік себетінің құрамы: ұн, макарон, күріш, қарақұмық, асбұршақ, күнбағыс майы, қант, шәй, қызанақ пастасы, қайнатпа, қойылтылған сүт, халва. Біз азық-түлікті ай сайын жеткізбейміз. Мақсатымыз 100% қамтамасыз болмағандықтан, тек қана мерзімді қолдау көрсетеміз.

Отбасыны азық-түлік себетімен қамтамасыз ету

Мектепке дайындаймыз «Мектепке жол» жобасы

Тамыз айында оқу жылы басталмай тұрып әр балаға мектеп құралдарын жеткіземіз. Оқу жылына керекті заттарды толық қамтамасыз етеміз.

Мектеп жиынтығын бере аламын

Үйлерін жылытуға көмектесеміз  «Жылу сыйла» жобасы

Суық күндер басталмай тұрып әр үйге 1-2 тонна көмір жеткіземіз. Әдетте бұл отбасылар бір қысқа орташа есеппен 5 тоннаға дейін көмір жағады, алайда біз шектеулі көмек көрсетпекпіз. Осылай көмек алушы еріншектіктен сақтанады.

Көмірмен көмек бере аламын

Киіндіреміз  «Отбасы отбасыға көмектеседі» жобасы

Жылына бірнеше рет әлеуметтік дүкен ашып, жиналған киім тегін таратылады. Қайырымдылыққа жиналған киім жаңа немесе бұрын қолданылған болуы мүмкін.  

Менің бере алатын киімдерім бар

Балаларға көмек “Ең керемет күн” жобасы

Жетім балалар мен қиын отбасылардан шыққан балаларға қосымша көмек көрсету бағдарламасы. Оларға жетекші мамандардың бақылауымен үйлерінен тыс жерлерде түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Өмірдің қиын кезендерінде қолдау көрсету
– бүкіл отбасының тағдырын өзгертуі мүмкін

Қайырымдылық ұжымының жұмысын еріктілердің көмегінсіз елестету қиын. «Асар» қорының тағы бір жобасы – ол әлеуметтік проблемаларға жанашыр еріктілер бірлестігін құру.

Игі істе алда бол!

Көмектесу