Өзіңіз елестетіп көріңізші...Сіз жалға берілген үйде тұрасыз, балаларыңыз үнемі асқа жарымай жүреді, балаларға мектеп құралдары керек, алған айлығыңыз тек қана үй жалдауға жетеді, тұрғын үйді халі нашар болғандықтан балалар жиі ауырады және олардың еміне де қаражат жоқ. Стресс, депрессия және амалсыздық. Өмір қиыншылығын көтере алмай, бәрін тастап кеткің келеді. Көпшілік осындай әрекетке барып, жұбайын балаларымен жалғыз қалдырады немесе арттарынан жетім қалдырады. Осындай отбасыдан шыққан адамдар қоғамға сенімі азайып, қоғамға ызасын көрсетеді...
Бұл отбасылардың ауруларға шалдығудың себебі үнемі асқа жарымай толық тамақтанбауы, және де баспаналарының қыс күндері суық болуы
Мектеп оқушысы мектеп құралдарымен толық қамтамасыз етілгенде, өз уақытын керекті мектеп құралың іздеумен өткізбей, сабақ оқумен өткізеді.
Отбасы асыраушысы күнде отын іздеуге уақыт жаратпай, табыс іздеуге тырысады
Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау бұл отбасыларда үміт тудырып, қоғамға деген ықыласы артады. Осыған орай отбасылардың қоғамдағы жауапкершілігі артады.
Қиыншылыққа тап болған кезде, ең керекті заттармен қамтамасыз етіп материалдық көмек көрсетеміз. Біздің мақсат 100% қамтамасыз етпей, тек қана өмірдегі қиын сәттерде қолдау көрсету болғандықтан, бұл отбасыларға көмекті шектеулі түрде көрсетеміз.
Көмек сұрап өтініш білдірген және жергілікті билік мекемелерінен берілген тізім бойынша әр отбасының үйіне барып сауалнама жүргіземіз.
Сауалнамың мақсаты кімнің жағдайы төмен және де неге мұқтаж екенін анықтау.
Саулнамаларды талдап нағыз мұқтаж отбасылардың тізімін шығарамыз
Қайырымдылық ұжымының жұмысын еріктілердің көмегінсіз елестету қиын. «Асар» қорының тағы бір жобасы – ол әлеуметтік проблемаларға жанашыр еріктілер бірлестігін құру.
Игі істе алда бол!
Көмектесу