2018 жылы көрсетілген көмек сомасы: 1 997 674 толық есептеме

Мәселенің түп негізі неде?

Жауап: ТІРШІЛІК ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІНІҢ БОЛМАУЫНДА
сқараңыз - Целуйко В.М. “Психология неблагополучной семьи”.

Өзіңіз елестетіп көріңізші...Сіз жалға берілген үйде тұрасыз, балаларыңыз үнемі асқа жарымай жүреді, балаларға мектеп құралдары керек, алған айлығыңыз тек қана үй жалдауға жетеді, тұрғын үйді халі нашар болғандықтан балалар жиі ауырады және олардың еміне де қаражат жоқ. Стресс, депрессия және амалсыздық. Өмір қиыншылығын көтере алмай, бәрін тастап кеткің келеді. Көпшілік осындай әрекетке барып, жұбайын балаларымен жалғыз қалдырады немесе арттарынан жетім қалдырады. Осындай отбасыдан шыққан адамдар қоғамға сенімі азайып, қоғамға ызасын көрсетеді...

Жағдайы нашар жанұяның тіршілік қажеттіліктерің өтеудің әсері:

Денсаулық

Бұл отбасылардың ауруларға шалдығудың себебі үнемі асқа жарымай толық тамақтанбауы, және де баспаналарының қыс күндері суық болуы

Білім

Мектеп оқушысы мектеп құралдарымен толық қамтамасыз етілгенде, өз уақытын керекті мектеп құралың іздеумен өткізбей, сабақ оқумен өткізеді.

Уақыт

Отбасы асыраушысы күнде отын іздеуге уақыт жаратпай, табыс іздеуге тырысады

Қоғамдағы жауапкершілік

Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау бұл отбасыларда үміт тудырып, қоғамға деген ықыласы артады. Осыған орай отбасылардың қоғамдағы жауапкершілігі артады.

*
Мысалы, балаларға тым қатал қарайтын әрбір отбасыда «нысана-бала» болады. Осындай балаға отбасы мүшелері тапшылықтан пайда болған ашуын шығарады.

Біз осы мәселені қалай шешеміз?

Қиыншылыққа тап болған кезде, ең керекті заттармен қамтамасыз етіп материалдық көмек көрсетеміз. Біздің мақсат 100% қамтамасыз етпей, тек қана өмірдегі қиын сәттерде қолдау көрсету болғандықтан, бұл отбасыларға көмекті шектеулі түрде көрсетеміз.

Тамақтандырамыз «Береке» жобасы

Әр отбасыға мекен жайына мерзімді бір айлық азық-түлік себетін жеткіп тұрамыз. Азық-түлік себетінің құрамы: ұн, макарон, күріш, қарақұмық, асбұршақ, күнбағыс майы, қант, шәй, қызанақ пастасы, қайнатпа, қойылтылған сүт, халва. Біз азық-түлікті ай сайын жеткізбейміз. Мақсатымыз 100% қамтамасыз болмағандықтан, тек қана мерзімді қолдау көрсетеміз.

Отбасыны азық-түлік себетімен қамтамасыз ету

Мектепке дайындаймыз «Мектепке жол» жобасы

Тамыз айында оқу жылы басталмай тұрып әр балаға мектеп құралдарын жеткіземіз. Оқу жылына керекті заттарды толық қамтамасыз етеміз.

Мектеп жиынтығын бере аламын

Үйлерін жылытуға көмектесеміз  «Жылу сыйла» жобасы

Суық күндер басталмай тұрып әр үйге 1-2 тонна көмір жеткіземіз. Әдетте бұл отбасылар бір қысқа орташа есеппен 5 тоннаға дейін көмір жағады, алайда біз шектеулі көмек көрсетпекпіз. Осылай көмек алушы еріншектіктен сақтанады.

Көмірмен көмек бере аламын

Киіндіреміз  «Отбасы отбасыға көмектеседі» жобасы

Жылына бірнеше рет әлеуметтік дүкен ашып, жиналған киім тегін таратылады. Қайырымдылыққа жиналған киім жаңа немесе бұрын қолданылған болуы мүмкін.  

Менің бере алатын киімдерім бар

Жағдайы төмен отбасылардың тізімі қалай құрылады?

Көмек сұрап өтініш білдірген және жергілікті билік мекемелерінен берілген тізім бойынша әр отбасының үйіне барып сауалнама жүргіземіз.

Көмекке мұқтаж отбасыны білемін

Сауалнамың мақсаты кімнің жағдайы төмен және де неге мұқтаж екенін анықтау.

Сауалнамаға қатыса аламын

Саулнамаларды талдап нағыз мұқтаж отбасылардың тізімін шығарамыз

Принять участие в раздаче помощи

Біздің жетістіктеріміз

340
тонна көмір

толық есептеме

342
азық-түлік себеті

толық есептеме

419
мектеп құралдары

толық есептеме

қорытындысы 105
сақталған отбасы

толық есептеме

Өмірдің қиын кезендерінде қолдау көрсету
– бүкіл отбасының тағдырын өзгертуі мүмкін

Қайырымдылық ұжымының жұмысын еріктілердің көмегінсіз елестету қиын. «Асар» қорының тағы бір жобасы – ол әлеуметтік проблемаларға жанашыр еріктілер бірлестігін құру.

Игі істе алда бол!

Көмектесу